Алайда уәде орындалмай, жәбірленушілер саны артып отыр.
Астанада туристік компанияда жұмыс істеген 27 жастағы ер адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
— Өзін туристік компания қызметкері ретінде таныстырған ер адам қажылық сапарды ұйымдастыруды уәде етіп, азаматтардан миллиондаған теңге жинап алған, — делінген хабарламада.
Алайда уәде орындалмай, жәбірленушілер саны артып отыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті азаматтарға Мекке қаласына қажылық сапарын ұйымдастырып беремін деп уәде берген. Ол жолдама, виза рәсімдеу және әуе билеттерін алып беру қызметтерін сылтау етіп, жәбірленушілерден алдын ала ақша алған. Алайда уәде етілген қызмет орындалмаған. Қазіргі уақытта 13 эпизод анықталды.
— Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 2,2 млн теңгені құрайды. Тергеу барысында жәбірленушілер саны артуы мүмкін. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, — деп хабарлады құзырлы органнан.