$ 482.49  556.75  5.79

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары 6 млн теңге пара алғанын мойындады

Сот отырысында Жақсылық Омар өзіне тағылған айыптарды мойындады.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатқан сот ісі барысында Жақсылық Омарға алаяқтық және пара алу баптары бойынша айып тағылды.

Айыптау тарапының мәліметінше, ол мемлекеттік мекеменің балансындағы автокөлікті сатудан түскен қаражатты жымқыруға қатысы бар деген күдікке ілінген. Сонымен қатар тергеу нұсқасы бойынша ол кәсіпкерден бірнеше млн теңге көлемінде пара алған.

Сот отырысында Жақсылық Омар өзіне тағылған айыптарды мойындады. Өз сөзінде ол ақпан айының басында қала әкімінің орынбасары А.Мәулетхановтан 6 млн теңге көлемінде пара алғанын жеткізді.

— Ол маған 20 млн теңге беруі тиіс еді. Ақшаны бөліп беретінін айтты. Мен келістім. Істеген ісіме өкінемін, — деді айыпталушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0