$ 482.49  556.75  5.79

«Дәрігерге жеткізіп үлгермедік»: Атырауда 6 айлық сәби көз жұмды

Ол дәрігер қабылдауына да үлгермеген.

Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

Атырауда 6 айлық сәби облыстық балалар ауруханасының табалдырығында көз жұмды. Ата-анасы дер кезінде диагноз қойылмағанын және санитарлық авиация берілмегенін мәлімдеді. Оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Ата-анасының айтуынша, олар науқас баланы Қызылқоға ауданынан Атырау қаласына медициналық көмек алу үшін жеткізбек болған. Ауылда сәбиге ұзақ уақыт нақты диагноз қойылмай, тиісті ем тағайындалмаған. Кейін оның құлақ қабынуы (отит) болғаны анықталған.

Ата-аналар санитарлық авиация шақыруды сұрағандарын, алайда бұл өтініштің қанағаттандырылмағанын айтады.

Содан кейін баланы жедел жәрдем көлігімен Атырауға жеткізу туралы шешім қабылданған. Бірнеше сағатқа созылған жол барысында сәбидің жағдайы күрт нашарлаған.

Консилиум кезінде бізге инфекция ошағын тазарту (санация) ұсынылмады. Ақыры ұлымыз аурухана табалдырығында көз жұмды, дәрігерге жеткізіп үлгермедік, – дейді қайғыдан қан жұтқан ата-ана.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

Басқарма басшысы Қайсар Абдалиевтің айтуынша, медицина қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға сараптама қорытындысынан кейін ғана беріледі. Сондай-ақ қылмыстық іс қозғау мәселесі де сол қорытындыға сәйкес шешіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2