19.03.2026, 23:30

Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын көшеде ұрып-соққан (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Бейнежазба әлеуметтік желіде таралды.

Шымкентте 10-сынып оқушысы 5-сынып оқушысына күш көрсеткен. Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғалды.

«Бейнежазбада көрсетілгендер көрші тұратын 10-сынып және 5-сынып оқушылары екені анықталды. Оқиғаның барлық қатысушылары ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Тексеру барысында оқиғаға дейін кәмелетке толмағандар арасында жанжал орын алғаны белгілі болды. Осыдан кейін 10-сынып оқушысы оны көшеде кездестіріп, күш қолданған», – деп хабарлады Шымкент қаласы ПД.

10-сынып оқушысының ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды.

Шымкент, полиция, көше, оқушылар