$ 482.32  553.37  5.63

Араға он жыл салып: Алматыда итті құтқару оқиғасына арналған арт-нысан ашылмақ

Бұл оқиға алматылықтарды бейжай қалдырмай, адамгершілік пен жанашырлықтың үлгісіне айналған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Алматыда бірнеше жыл бұрын болған әсерлі оқиғаға байланысты жаңа арт-нысан пайда болды. Қала тұрғындарының жүрегін елжіреткен бұл жағдай 2016 жылдың жазында Сайран су қоймасында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сол кезде суға құлап кеткен ит бетон жағалаудың тегістігінен өздігінен шыға алмай қалған. Оны құтқармақ болған жас жігіт те төмен түсіп, бірақ қайта көтеріле алмай қиналған.

Оқиға куәгерлері бірден көмекке ұмтылып, қолдан ұстасып «тірі тізбек» құрған. Бірлескен күш-жігердің арқасында олар алдымен итті, кейін жігітті жоғарыға аман-есен шығарып алған.

Бұл оқиға алматылықтарды бейжай қалдырмай, адамгершілік пен жанашырлықтың үлгісіне айналған. Аталған ерлікке арналған арт-нысанды ресми түрде ашу наурыз айының соңына жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Алматы #ит