$ 482.32  553.37  5.63

Алматыда ер адам көпірден құлап көз жұмды

Оқиға Аль-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысында болған. 

Фото: Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото: Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Алматының Бостандық ауданында қайғылы оқиға болды. Ер адам Президенттің бірінші паркіне қарама-қарсы орналасқан көпірден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарала бастады. Көз жұмған адам Аль-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысында орналасқан көпірден құлағаны айтылды. Алматы полиция департаментінде ер адамның қайтыс болғаны расталып, ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

«Бұл факті бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасымен қылмыстық іс басталды. Мотиві мен оқиғаның толық жағдайы анықталуда», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.

Қосымша мәліметтер әзірге жарияланбады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0