20.03.2026, 16:00

Алматыда ер адам көпірден құлап көз жұмды

Фото: Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Оқиға Аль-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысында болған. 

Алматының Бостандық ауданында қайғылы оқиға болды. Ер адам Президенттің бірінші паркіне қарама-қарсы орналасқан көпірден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарала бастады. Көз жұмған адам Аль-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысында орналасқан көпірден құлағаны айтылды. Алматы полиция департаментінде ер адамның қайтыс болғаны расталып, ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

«Бұл факті бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасымен қылмыстық іс басталды. Мотиві мен оқиғаның толық жағдайы анықталуда», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.

Қосымша мәліметтер әзірге жарияланбады.