20.03.2026, 15:30

Астанада референдум қорытындылары бойынша форум: Жаңа адамдар елдің тарихи кезеңіне серпін берді

Фото: видеодан скриншот

Астанадағы Конгресс-холлда референдумды қорытындылауға арналған Форум өтті.

Бүгін Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесіп, адам капиталын дамыту стратегиялықмаңызға ие екенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Біз Жаңа Конституцияда адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияныдамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекіттік. 15 наурыз күні өткен референдумда қазақстандықтар Конституцияның жаңажобасын қолдап, елдің алдағы даму бағдарын айқындады.

Бұл күн — азаматтық белсенділік пен Қазақстан жастарының қатысуы шешуші рөл атқарған тарихтағы жаңа кезеңнің бастауына айналды. Астанадағы Конгресс-холлда референдумды қорытындылауға арналған Форум өтті.

Оған қоғамдық ұйымдардың өкілдері, елдегі бес негізгі партияның мүшелері және Жаңа адамдар жастар қозғалысының белсенділері қатысты. Форум қарсаңындаҚозғалыс белсенділері бүкіл ел бойынша сайлау бөлімшелеріне барып, ел болашағыүшін жоғары деңгейдегі жауапкершілік пен белсенділікті көрсетті. Форумдабелсенділер дауылпаздармен перформанс жасады: соғылған ритм қуатты қоғамазаматтар қатысуға дайын болғанда ғана қалыптасатынын көрсетті. Бүгінде Қазақстан маңызды тарихи кезеңді бастан өткеруде.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы референдумнан кейін айқындаған Әділетті Қазақстан бағытықоғамдық бастамалар, азаматтық науқандар және ел жастарының белсенділігі арқылыжүйелі түрде жүзеге асып келеді. Форум сахнасында Жаңа адамдар қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова сөз сөйлеп, Конституция жобасын талқылау үдерісініңөзі оның халықтық сипаты мен әділеттілігінің көрсеткіші екенін атап өтті. Асель Баденова, Жаңа адамдар қозғалысының көшбасшысы:Қоғам тарапы нан айтылған барлық қағидалар мен тұжырымдар бүгінде конституциялық деңгейде бекітілуде.

Ел дамуының негізгі қағидаттары ретінде жасампаз патриотизм, еңбек пен білім құндылығы, адам мен отбасының дамуы бекітілді. Президент атап өткендей, жаңа Конституция — жас қазақстандықтарғабағыт-бағдар беретін құжат. 15 наурыздан басталған жаңа кезеңде бізге маңыздымиссия — елде болып жатқан барлық үдерістерге белсенді қатысу, прогресс пенөркениет жолында мемлекет дамуына үлес қосу жүктелді.