Гүлайымның жаралы көңіліне салмай салмауға, керісінше қолдау көрсетуге шақырды.
Заңгер Мейірман Шөкеев жауынгер Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Гүлайым Рахмоноваға араша түсіп, халықты оған қатысты теріс пікір жазбауға шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы kursiv.media сілтеме жасап.
«Сұмдық-ай, Шавкаттың жұбайының кешегі әлеуметтік жазбасынан кейін кейбіреулер оның әрекетін қылмыстық жауапкершіліктен сытылып кетудің стратегиялық қадамы деп бағалап жатыр. Алайда басына соншама қайғы түскен Гүлайымның ондай әрекетті жасамақ түгілі, оны ойлауға да мұршасы жоқ. Туған апайынан айырылып, автокөлігінде 20 млн теңгесін біреулер алып кеткен жағдайдың өзі – үлкен соққы», – деді заңгер.
Ол ешқандай «стратегия» заңда көзделген санкцияларды өзгерте алмайтынын айтты. Сондықтан даурығып, Гүлайымның жаралы көңіліне салмай салмауға, керісінше қолдау көрсетуге шақырды.