21.03.2026, 11:35

Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.