$ 482.33  557.57  5.74

Тоқаев Ұлыстың ұлы күніне арналған концертті тамашалады

Өнерпаздар қазақтың ұлттық және заманауи әндерін шырқады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Ұлыстың ұлы күніне арналған концертті тамашалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Керуен сарай» кешенінің аумағында жұртшылыққа көктем мен жаңарудың сипатын сездіретін концерттік бағдарлама ұсынылды.

Өнерпаздар қазақтың ұлттық және заманауи әндерін шырқады. Сонымен қатар оркестрдің сүйемелдеуімен хореграфиялық қойылымдар көрсетілді.

Концертке танымал мәдениет қайраткерлері, қазақ эстрадасы мен классикалық өнер жұлдыздары, ұлттық ансамбль мен би ұжымдары қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0