Қаржы полициясы пара алды деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің қызметкеріне қарсы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қаржы полициясы ресми сайтының мәліметінше, облыстық ІІД ҚР ҚК 311-бабының 2-бөлігі (пара алу) бойынша ШҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының жеке тұлғаға қарсы аса ауыр қылмыстарды ашу бөлімінің жедел өкілеті Қ. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
«Ол 2014 жылғы 12 шілдеде лауазымды тұлға бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, қара металл сынықтарын өткізу барысында жалпы қамқоршы болуы үшін Қ. деген азаматтан 95 мың теңге пара алған», делінген хабарламада.