$ 482.33  557.57  5.74

Жаңаөзенде 47 жастағы мұғалім іздестіріліп жатыр

Туыстары мен еріктілер әйелді көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан хабарласуды сұрайды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жаңаөзен қаласында сегіз айдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен 47 жастағы Дина Жарылғасова іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

КТК дерегінше, ол өткен жылдың тамыз айында үйінен беймәлім бағытқа шығып кеткен. Содан бері туыстары әйелдің хабар-ошарсыз кеткенін айтып отыр.

Жергілікті Lider.kz еріктілерінің мәліметінше, Дина Жарылғасова Жаңаөзен қаласындағы 1-шағын ауданда тұрған. 47 жастағы әйел 20 жылдан бері мектепте оқытушы болып жұмыс істепті. Ол былтыр 5 тамыз күні шамамен кешкі сағат жетіде үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Туыстарының айтуынша, жоғалған әйелдің бойы шамамен 1 метр 70 сантиметр, дене бітімі орташа. Жоғалған күні ол үстіне ақ бұршақ қара көйлек пен өрнекті ұзын қызыл жилет киген. Туыстары мен еріктілер әйелді көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан хабарласуды сұрайды.

"Соңғы рет тергеуге көп сыныптастары түскен. Сыныптастарымен араласқан. Жалпы олар жақсы араласатын. Оларды бір-бірлеп шақырды. Барлығынан анықтама, куәлік алды. Сіңлім екеуіміз күтіп отырмыз. Барымыз да, нарымыз да, жалғыз қамқоршымыз да ... Білесіз, ондай жағдай оңай емес", деді Несібелі Қобылан, жоғалған әйелдің қызы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0