Алайда жөндеу жасағанымен, үйдің іші көгеріп, қабырғалары бүлініп жатыр.
Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі Наурыз көшесі, 30-үй тұрғындары үйдің жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айтуларынша, жертөледегі құбырлар шіріп кеткен соң, тұрғындар өз қаражатына ауыстыруға мәжбүр болған. Подвалда жиналған сасық суды да өздері тазартқан.
Алайда жөндеу жасағанымен, үйдің іші көгеріп, қабырғалары бүлініп жатыр.
Тұрғындардың сөзінше, жаңбыр жауған сайын подъезд төбесінен су ағады. Бір жерін жөндесе, екінші жері қайта құлай бастайды дейді. Сыртынан қарағанда да көпқабатты үйдің тозығы жеткені байқалады. Тұрғындар мұндай жағдайда үйді сносқа жіберу керек деп есептейді.
Олардың айтуынша, мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келеді. Әзірге жергілікті әкімдіктен нақты жауап болмаған. Видео: @kritikakyzylordy2