$ 482.33  557.57  5.74

Жауын-шашынсыз, бірақ тұман түседі: 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 25 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Болжам бойынша, сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

Республика бойынша тұман түседі, солтүстік пен орталық өңірлерде көктайғақ болады. Сондай-ақ солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0