$ 482.33  557.57  5.74

Алматыда тағы да жол апаты болды

Алматы көшесінде тағы да жол апаты тіркелді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда Дулати көшесінде, мешіт маңындағы ауданда жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан көліктердің бірі аударылып қалған, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео көпшілікті алаңдатты.

Оқиға 24 наурыз күні күннің екінші жартысында болған. Кадрлардан оқиға орнының жанында екі жедел жәрдем көлігі мен патрульдік автокөлік тұрғанын көруге болады.

Төбесіне аударылып қалған жол талғамайтын көлік қайтадан дөңгелегіне тұрғызылған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0