$ 482.33  557.57  5.74

Атырауда жасөспірім биіктен секіріп, орталықтың шатырын тесіп өтті (ВИДЕО)

Әкесін көрген бала осылай қашпақ болған.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Атырауда 14 жастағы жасөспірім сауда орталығының 3-қабатынан қауіпті жолмен түсуге бел буып, кіреберістің төбесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Полицияның хабарлауынша, бала ата-анасының тыйым салғанына қарамастан достарымен бірге сауда ойын-сауық орталығына кетіп қалған. Кейін әкесі ұлын іздеуге шығады. Әкесін көрген бала осылай қашпақ болған.

"14 жастағы жасөспірім ата-анасының қарауынсыз жүріп, қауіпсіздік талаптарын бұзып, биіктіктен секіріп жеңіл жарақат алды. Медициналық тексерістен кейін ата-анасымен бірге үйіне жіберілді", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нысанның қауіпсіздік шаралары бойынша қосымша тексеріс жүргізу үшін уәкілетті органдарға нұсқама жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0