$ 482.33  557.57  5.74

Курчатовта куәлігі жоқ мас әйел жаппай жол апатына ұшырады

Рөлді оған мас күйдегі күйеуі бергені анықталды.

Фото: Абай облыстық ПД
Фото: Абай облыстық ПД

Абай облысында жүргізуші куәлігінсіз жүрген мас әйел жол-көлік оқиғасын тудырып, бірден үш көліктің зақымдануына себеп болды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Абай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, рөлді оған мас күйдегі күйеуі бергені анықталды. Жол апаты Курчатов қаласында болған.

Оқиғадан кейін әйел жүргізуші медициналық тексеріске жеткізілді, оның нәтижесі орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті.

"Сонымен қатар, автокөлік иесі – құқық бұзушының күйеуі – де мас күйде болғаны және жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлікті басқартқаны анықталды", – деп хабарлады полиция.

Ерлі-зайыптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді оларды сот күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0