$ 482.33  557.57  5.74

Алты адамның жағдайы ауыр: Шахтинскідегі жарылыстан зардап шеккендер туралы соңғы дерек

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда медициналық мекемеде сегіз адам ем алып жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Дәрігерлер Шахтинск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде болған газ жарылысы салдарынан жарақат алған азаматтардың жағдайы жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда медициналық мекемеде сегіз адам ем алып жатыр.
 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, “Алты адам жансақтау бөлімінде, екеуі бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Барлық науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде”.

Айта кетейік, бұған дейін тараған мәліметтерде жарақат алғандардың арасында бірнеше полиция қызметкері мен күдікті тұлғаның бар екені хабарланған. Күдікті қазір дәрігерлер бақылауында, оған күзет қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0