Астанада түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 26 наурызда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алматы облысында шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с, кей уақыттарда 28 м/с күтіледі. Қонаевта шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с, кей уақытта 28 м/с күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 26 наурызда шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Астанада түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда түнде көктайғақ күтіледі. Тұман.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Павлодарда тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі.