26.03.2026, 14:40

Алматыда тағы жол апаты: Әл-Фараби даңғылында әйел адам көз жұмды

Фото: видеодан скриншот

Қайғылы оқиға Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болды.

Алматыда әйел адам жолды кесіп өтемін деп көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болды.

Алматы қаласы полициясының мәліметінше, Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Зардап шеккен әйел адам дәрігерлер жеткенге дейін оқиға орнында көз жұмды.