26.03.2026, 17:10

Шымкентте қураған ағаштар құлап, көліктер бүлінді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

ұрғындар бұл мәселе бойынша әкімдікке бірнеше рет шағымданғанын айтады.

Шымкент қаласында қураған ағаштар тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Толстой көшесінің бойында тұрған бірнеше ағаштың әбден шіріп, кез келген сәтте құлауы мүмкін екені айтылды. Тұрғындар бұл мәселе бойынша әкімдікке бірнеше рет шағымданғанын айтады.

Алайда осы уақытқа дейін нақты нәтиже жоқ. Жуырда үлкен бұтақ үзіліп түсіп, көлікке зақым келтірген.

Тұрғындардың сөзінше, бұл жағдай адам жүрген кезде болса, қайғылы оқиға болуы мүмкін еді. Қауіпті ағаштар тұрғын үйлердің дәл жанында тұр. Сондықтан халық әкімдік алдын ала емес, оқыс жағдайдан кейін ғана қимылдай ма деп наразы.

Тұрғындар қураған ағаштарды шұғыл кесіп, қауіптің алдын алуды талап етіп отыр.