27.03.2026, 09:20

Алматыдағы қайғылы жол апатынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды

Фото: t.me/kris_p_almaty_kz

Сонымен қатар, өзге де заң бұзушылық белгілеріне қатысты қылмыстық істер қозғалған.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасына байланысты құқық қорғау органдарында кадрлық өзгерістер орын алды.

Оның айтуынша, аталған оқиғаға байланысты Полиция департаментінің бірқатар басшылары қызметінен босатылған.

Сонымен қатар, өзге де заң бұзушылық белгілеріне қатысты қылмыстық істер қозғалған. Министр барлық әрекеттерге құқықтық баға берілетінін атап өтіп, жауапкершіліктен ешкім жалтара алмайтынын жеткізді.

– Заң бәріне ортақ, әрбір дерек жан-жақты тексеріліп, тиісті шешім қабылданады, – деді ведомство басшысы.