27.03.2026, 09:10

Көкшетауда апатты көпір құлады: қауіпті нысанға кім жауап береді?

Фото: Видеодан алынған кадр

Алдын ала мәлімет бойынша, көпір бұған дейін-ақ апатты жағдайда тұрған.

Көкшетау қаласында Қылшақты өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі құлап түсті. Оқиға «Аққу» балабақшасының маңында болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, көпір бұған дейін-ақ апатты жағдайда тұрған. Тұрғындар бұл нысанның қауіпті екенін бірнеше рет айтқанымен, нақты шара уақытында қабылданбаған. Салдарынан көпір опырылып, адамдар жүретін өткел жарамсыз күйге түсті. Қазір оқиға орнында коммуналдық қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алайда тұрғындар мұндай жағдай жауапсыздықтың салдары дейді.

Қалада апатты нысандар дер кезінде тексеріле ме деген сұрақ қайта көтерілді. Мамандар енді көпір неге уақытында жөнделмегенін анықтауы тиіс.