$ 482.53  555.44  5.92

Қостанайда жоғалып кеткен 17 жастағы студент өлі табылды

Кейіннен аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Фото: instagram/poisk_region_10
Фото: instagram/poisk_region_10

19 наурыздан бері із-түзсіз жоғалған 17 жастағы Владимир Орел Қостанайда Тобыл өзені маңынан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Алдымен бұл ақпаратты еріктілер хабарлаған, кейін оны полиция растады.

— Кәмелетке толмағанның жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Гагарин бөгетіне жақын қамысты аумақтан оның денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, — деп мәлімдеді полиция.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда Владимир Орел есімді жасөспірім жоғалып кеткені хабарланған еді. Оны соңғы рет жатақханадан шығып бара жатқан кезде көрген, содан кейін байланыс үзілген.

Кейіннен аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0