Мамандар қауіптің алдын алу үшін шұғыл әрекетке көшкен.
Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжолда су тасқыны қаупі күшейіп отыр.
Алғашқы белгілер тіркеліп, еріген қар суы жол бойымен аға бастаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға Бұқар жырау ауданында, Астана–Қарағанды–Алматы бағытындағы жол учаскесінде болған. Қазіргі таңда су жолдың үстіне шықпағанымен, жағдай тұрақты бақылауда.
Мамандар қауіптің алдын алу үшін шұғыл әрекетке көшкен. Жол қызметі арнайы материал төсеп, судың жайылуына тосқауыл қоюда.
Оқиға орнында техника жұмыс істеп, тәулік бойы бақылау жүргізіліп жатыр. Патрульдік полиция қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ескерту белгілерін орнатқан. Көктемгі еріген қар суы жағдайды күрделендіруі мүмкін. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, жолдағы жағдайды мұқият қадағалау ұсынылады