$ 482.53  555.44  5.92

Алматыда бес бірдей жасөспірім жоғалып кетті

Қалған төрт жасөспірім құтқарушылардың сүйемелдеуімен жаяу Көкжайлау шатқалына жеткізіліп, кейін қалаға түсірілді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы тауларында жоғалып кеткен бес жасөспірім құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында аман табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«112» пультіне түскен хабарға сәйкес, 2009 жылы туған жасөспірімдер Күмбел шыңына көтеріліп, кейін «Үш ағайынды» маңына (шамамен 3000 метр) түскеннен кейін кері қайтқан. Осыдан соң олармен байланыс үзілген. Өтініш беруші — олардың бірінің әкесі — баласының демікпе ауруы бар екенін айтып, дереу көмек сұраған.

Іздестіру жұмыстарына Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметі, «Барыс» республикалық құтқару жасағы және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жұмылдырылды.

— Бір сағаттан кейін құтқарушылар жасөспірімдер тобын анықтады. Ара қашықтық шамамен 1,5 шақырым болған. Топтағы бір жасөспірімнің жағдайы нашарлап, бронхиалдық демікпе ұстамасы басталған. Ол қарда жүретін техникамен эвакуацияланып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды, — делінген хабарламада.

Қалған төрт жасөспірім құтқарушылардың сүйемелдеуімен жаяу Көкжайлау шатқалына жеткізіліп, кейін қалаға түсірілді.

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен жасөспірімге реанимобильде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ингаляция жасап, кейін үйіне жеткізді.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында барлық жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0