Оның айтуынша, Еркебұлан бала кезінен еңбекқор, төзімді әрі қамқор болып өскен.
Жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтардың анасы спортшының қырғыз қарсыласынан жеңілгенінен кейін әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Анасы ұлының өмір жолы мен мінезін еске алып, оған деген мақтаныш сезімін жеткізді. Оның айтуынша, Еркебұлан бала кезінен еңбекқор, төзімді әрі қамқор болып өскен.
“Еркебұлан туылған жылы 1995, 29 желтоқсан. Ол біздің шетінеп кеткен ұлымыздан кейін өте қатты күткен бала. Туылғаннан өте салмақты, жылап шаршатпайтын еді. Өзінен кейін туған бауырларына қамқор болып өсті. Қасымда қолқанатым болып, еңбекқор болды. Шамамен бес жасында қасымда жүріп үйге алған ұнды таситын, 25 кг. Айта берсем таусылмайтын әңгіме… Жаным балам, Алланың көзі тура болсын. Сен біз үшін ең қымбат, ең сыйлы, ең құрметті ұлмызсың. Саған екі дүниеде де ризамыз! Денің сау, аман-есен күліп ойнап жүргеніңді Алла нәсіп етсін. Екі дүние бақытын нәсіп етсін”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары да спортшыға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін қалдырды. Көпшілік жеңілістің уақытша екенін айтып, Еркебұланның әлі талай биікті бағындыратынына сенім білдірді.