Әлеуметтік желіде тараған видеолардан су үйлердің ауласына дейін кіргенін анық көруге болады.
Қостанай облысында су тасқыны күшейіп, бірнеше елді мекеннің көшелері әп-сәтте су астында қалды.
Әлеуметтік желіде тараған видеолардан су үйлердің ауласына дейін кіргенін анық көруге болады.
Тұрғындардың айтуынша, егістік алқаптарынан келген су небәрі 30 минуттың ішінде бүкіл көшені басып қалған. Кейбір аудандарда адамдар өз бетінше бөгет жасап, суды тоқтатуға тырысып жатыр.
Алайда жағдайдың бұлай ушығуына дайындықтың әлсіздігі себеп болды деген сын күшейді. Әкімдік болса, қар еріп, су көлемі артқандықтан амалсыз көшелерді бұзып жатырмыз деп түсіндірді. Ресми өкілдер бұл әрекет үйлер мен мүлікті қорғау үшін жасалып жатқанын айтады. Дегенмен тұрғындар «неге алдын ала шара қабылданбады?» деген сұрақты ашық қойып отыр.
Қазір аймақта нақты қанша үй зардап шеккені толық жарияланған жоқ. Жағдай бақылауда делінгенімен, халықтың алаңдаушылығы басылар емес.