Тұрғындар мұны “жол емес, сынақ” деп сипаттайды.
Семейде жол мәселесі тағы да ушығып тұр. Алаша Қозбағаров көшесіндегі асфальттың жағдайы сын көтермейді.
Жолдағы шұңқырлар тереңдеп, көлік жүргізу қауіпті бола бастаған. Жаңбырдан кейін бұл жер батпаққа айналып, жүріп өту тіпті қиын.
Тұрғындар мұны “жол емес, сынақ” деп сипаттайды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жағдайдың шынайы көрінісі анық байқалады.
Қала халқы бұл мәселені алғаш рет көтеріп отырған жоқ. Алайда нақты жөндеу жұмыстары әлі басталмаған.
Бірі көлігін сындырып жатыр, бірі күнде осы жолмен жүруге мәжбүр. Семей әкімдігі есеп берумен шектеле ме, әлде нақты әрекетке қашан көшеді?