31.03.2026, 08:30

Ақжарда жолды су шайып кетті: әкімдік тағы да төтеншеге дайын емес пе?

Фото: видеодан скрин

Кешке қарай су деңгейі төмендегенімен, мәселе толық шешілді деу қиын.

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында еріген қар суы жолды бұзып өтті. Ленинградское - Айсаринское бағытындағы жолдың бір бөлігі әдейі бұзуға мәжбүр болды.

Мамандар судың қысымынан жол толық қирап кетпеуі үшін осындай шешім қабылдаған.

Алайда бұл жағдай өңірдегі инфрақұрылымның әлсіздігін тағы бір рет көрсетті.

Таңғы уақытта су деңгейі күрт көтеріліп, жолды басып қалу қаупі туған. Салдарынан көлік қозғалысы уақытша шектелді.

Кешке қарай су деңгейі төмендегенімен, мәселе толық шешілді деу қиын.

Оқиға орнында техника мен мамандар жұмылдырылғанымен, тұрғындар қауіп әлі сейілмегенін айтады. Жыл сайын қайталанатын мұндай жағдайлар неге алдын ала ескерілмейді деген сұрақ туындайды. Жергілікті билік “бақылауда” дейді, бірақ нәтиже жыл сайын бірдей.

Тегтер: Су басу Ақжар