$ 481.54  553.24  5.93

BINOM мектебіндегі шабуыл: мектеп басшылығы екі жылдық буллингке бей-жай қараған ба

Жәбірленуші бірнеше жарақат алып, қазір амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Атырауда BINOM мектебінде болған оқиға қоғамды тағы да дүр сілкіндірді. Тоғызыншы сынып оқушысы мектепке кіріп, сегізінші сынып қызға пышақпен шабуыл жасаған.

Жәбірленуші бірнеше жарақат алып, қазір амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Күдікті оқушы кейін өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ дер кезінде тоқтатылған.

Анасының айтуынша, оның ұлы екі жыл бойы қатарластарының қысымына ұшыраған.

Баланың сырт келбетіне тиісіп, мазақ еткен жағдайлар жүйелі болғаны айтылады.

Ең сорақысы — мектеп басшылығы бұл туралы білгенімен, нақты шара қабылдамаған деген мәлімет бар.

Оқушы сол күні өз сыныбына қатысы жоқ уақытта кіріп, күзеттен кедергісіз өткен.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.

Бұл жағдай мектептегі қауіпсіздік пен буллинг мәселесінің әлі де шешілмегенін көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0