31.03.2026, 15:00

«Баласын құлата жаздады»: Қарындасына қолдау көрсеткен ер адам көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Желі қолданушылары да бұл сәтке бейжай қарамай, жылы лебіздерін білдіруде.

Әлеуметтік желіде қазақ күресінен өткен жарыс барысында түсірілген ерекше сәт көпшіліктің назарын аударып, жүректерін елжіретті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қызылордалық балуан Әсел Бисембай кезекті белдесуінде барын салып жатқан сәтте, көрермендер арасында отырған ағасы Нұрсұлтан Иса оған ерекше қолдау көрсетті.

Ең әсерлісі – ол бір қолына сәбиін ұстап тұрып, қарындасына ишара арқылы әдіс-тәсілдерді көрсетіп, рух беруге тырысқан.

Бұл көрініс жай ғана жанкүйерлік емес, нағыз бауырмалдық пен отбасы бірлігінің жарқын көрінісіне айналды.

Желі қолданушылары да бұл сәтке бейжай қарамай, жылы лебіздерін білдіруде.

Көпшілік Нұрсұлтанның жанашырлығын, Әселдің табандылығын атап өтіп, видеоны қазақы тәрбие мен отбасы құндылықтарының айқын үлгісі ретінде жоғары бағалап жатыр.