$ 481.54  553.24  5.93

Зардап шеккендер бар: Оралда мектеп автобусы жолаушылар автобусына соқтығысты

Соққының әсерінен балалар отырған автобус инерциямен алдағы тұрған Ford Galaxy автокөлігіне барып соғылған

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына қарасты Подстепное кенті маңында жолаушылар автобусы мен мектеп автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, №12 бағыттағы жолаушылар автобусы алда келе жатқан мектеп автобусына соғылған. Соққының әсерінен балалар отырған автобус инерциямен алдағы тұрған Ford Galaxy автокөлігіне барып соғылған. Ал жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, бағанаға соғылған.

"Оқиға республикалық маңызы бар "Самара – Шымкент" тас жолында шамамен сағат 14:00-де тіркелген. Теректі аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар, олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар", – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің саны мен жағдайы туралы қосымша ақпаратты кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0