Алайда ескертуге агрессивті жауап қайтарған топ ер адамға шабуыл жасап, күш қолданған.
Қостанайда қоғамдық тәртіпті бұзғандарға ескерту жасаған полиция қызметкері соққыға жығылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол формасын киген күйде алкогольді мас күйінде жүрген азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігін ескерткен.
Алайда ескертуге агрессивті жауап қайтарған топ ер адамға шабуыл жасап, күш қолданған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуылға қатысқандар оқиға орнында анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша мемлекеттік қызметкерге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.