$ 494.87  520.65  4.91

«Россельхознадзор» басшысы Асылжан Мамытбековке өтініш айтты

Өз хатында Сергей Данкверт Ресей ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау федералды қызметінің Омбы облыстық басқармасы Омбы-Павлодар тасжолының 191 шақырымында америкалық өнім болып табылатын 20 тонна құс етін анықтағандығын айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Өнім Қазақстаннан Омбыға бара жатқан жолда ұсталған. «Бұл өнімді Ресей территориясына әкелу Ресей Федерациясы Президентінің 2014 ж. 6 тамызындағы №560 «Ресей Федерациясы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жекелей экономикалық шаралар қабылдау туралы» Жарлығын бұзу болып табылады», делінген хабарламада.

Осыған байланысты Сергей Данкверт ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке Қазақстанның шаруашылық субъектілерін Ресей аумағына шектеу қойылған елдердің тауарларын өткізбеу жөнінде құлақтандыруын өтінген.

Айта кетейік, бұл тізімге АҚШ пен Еуроодақ елдері, Канада, Австралия және Норвегия кіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары