01.04.2026, 10:00

Қырымда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты

Фото: Pixabay

Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау.

Қырымда Ан-26 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, алты экипаж мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ұшақпен байланыс сейсенбі, 31 наурызда Мәскеу уақыты бойынша сағат 18:00 шамасында (Астана уақыты бойынша сағат 20:00) үзілді.

"Ұшақ Қырым үстінен жоспарлы рейспен ұшқан", – деп мәлімдеді Ресей Қорғаныс министрлігі.

1 сәуір түні Ресей Қорғаныс министрлігі іздеу-құтқару тобы Ан-26 ұшағының құлаған жерін тапқанын хабарлады. Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау.

Оқиға орнындағы дереккөз ұшақтың жартасқа құлағанын айтты.