01.04.2026, 11:10

Президент Мейіржан Байғонысовты жаңа қызметке тағайындады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мейіржан Байғонысов Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мейіржан Нұрбекұлы Байғонысов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.