Депутат мұндай істерде тәуелсіз сарапшыларды тарту қажет екенін атап өтті.
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Күдіктінің психиатриялық орталыққа жатқызылуы марқұмның жақындарының наразылығын күшейтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Туыстары медициналық қорытындыға сенбейтінін айтып, тәуелсіз тексеріс жүргізуді талап етуде. Бұл мәселеге Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов пікір білдірді. Оның айтуынша, марқұмның ағасы шамамен 20 күн бұрын хабарласып, істің әділ қаралуына алаңдаушылық білдірген.
Депутат мұндай істерде тәуелсіз сарапшыларды тарту қажет екенін атап өтті. Себебі резонансты жағдайларда тек мемлекеттік сараптамаға сүйену қоғам сеніміне күмән тудыруы мүмкін. Ал полиция күдіктіге екі рет жүргізілген сараптама психикалық ауытқу бар екенін көрсеткенін мәлімдеді.
Сол себепті ол мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жіберілген. Сонымен қатар, ем аяқталғаннан кейін тергеу әрекеттері қайта жалғасатыны айтылды. Алайда марқұмның туыстары бұл шешіммен келіспей, істің ашық әрі әділ тексерілуін талап етіп отыр.