01.04.2026, 14:50

Асхат Аймағамбетов: «Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек»

Фото: Мәжіліс

Депутат мәдениет – тек білім емес, ең алдымен эмоция мен отбасыдағы қарым-қатынас екенін атап өтті.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бала тәрбиесіне қатысты даулы пікір айтты. Оның сөзінше, бүгінгі қоғамда мәселе баладан емес, ата-анадан басталады.

Депутат мәдениет – тек білім емес, ең алдымен эмоция мен отбасыдағы қарым-қатынас екенін атап өтті.

«Балаға ең керегі – махаббат пен қауіпсіздік», – деді ол.

Аймағамбетовтың айтуынша, ата-ананың әрекеті мен мінезі баланың болашағын тікелей қалыптастырады. Сондықтан кей жағдайда баланы емес, ата-ананың өзін тәрбиелеу қажет.

Бұл пікір қоғамда қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі депутатпен келіссе, енді бірі мұнымен келіспейтінін жазып жатыр. Сарапшылар да бала тәрбиесіндегі жауапкершілік мәселесін қайта қарау керек екенін айтады. Тақырып қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналды.