01.04.2026, 21:30

Таяу Шығыстағы жағдай: Дубайға рейстер тағы тоқтатылды

Фото: Air astana

Бұл туралы қазақстандық FlyArystan лоукостері хабарлады.

Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстері кемінде 2026 жылғы 19 мамырға дейін орындалмайды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Рейстерді тоқтату мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы қазақстандық FlyArystan лоукостері хабарлады.

Компанияның мәліметінше, мұндай шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданған. Бұл жағдай аталған бағыттағы рейстердің орындалуына әсер етіп отыр.

Бұған дейін рейстер 2026 жылғы 19 сәуірге дейін тоқтатылғаны хабарланған болатын, – делінген авиакомпанияның хабарламасында.

Күші жойылған рейстердің жолаушыларына сапарды кейінгі мерзімге ауыстыру немесе билеттің толық құнын айыппұлсыз қайтару мүмкіндігі ұсынылған.

Қазіргі уақытта жағдай әлі де тұрақсыз күйінде қалып отыр. Рейстердің қайта қашан жанданатыны өңірдегі ахуалға байланысты болады.

Бұған дейін Air Astana әуе компаниясы да Дубай бағыты бойынша рейстерді сәуір айының соңына дейін тоқтатқанын хабарлаған еді. Бұл шешім де Таяу Шығыстағы жағдаймен байланысты қабылданған.