Ол 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған.
Қарағанды облысы Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып кетті. Қазіргі уақытта оны іздестіру жұмыстарын полиция жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жасөспірімнің жасы – 13-те. Бойы шамамен 150–155 см, дене бітімі орташа. Ол 7-сынып оқушысы.
Белгілеріне сәйкес, жоғалған күні үстінде қара күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар және жасыл аяқ киім болған.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары баланың жүрген жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде", – делінген полиция хабарламасында.
Полиция өкілдері жасөспірімнің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе “102” арнасына хабарласуды сұрайды.