02.04.2026, 12:30

Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды

Фото: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты

27 жастағы пациентті қалыпты дене жүктемесі кезінде (2-қабатқа көтерілгенде), жүрек соғуының жиілігі, бас айналу, жалпы әлсіздік мазалаған.

Қазақстанда клиникалық дағдыларды дамыту және жүректің құрылымдық ауруларын емдеудің озық технологияларын енгізу шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының интервенциялық кардиологтары халықаралық сарапшы Dr.İsmail Ates, MD - Associate Professor of Cardiology Bahcesehir University қатысуымен митралдық жетіспеушілікті емдеудің заманауи әдістері бойынша бірегей операция жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Іс-шара барысында институттың медициналық командасы заманауи Dragonfly жүйесін пайдалана отырып, TEER («шетінен шетіне дейін» митралды қақпақшаны транскатетерлік қалпына келтіру) әдістемесі бойынша 4 жоғары технологиялық операцияны сәтті өткізді.

27 жастағы пациентті қалыпты дене жүктемесі кезінде (2-қабатқа көтерілгенде), жүрек соғуының жиілігі, бас айналу, жалпы әлсіздік мазалаған. Оған жүре пайда болған жүрек қызметінің  кемістігі, 3 ст. митралды жетіспеушілік, трикуспидалды қақпақшаның жетіспеушілігі, дилатациялық кардиомиопатия диагнозы қойылды. Айқын митралдық регургитацияны, сол қарыншаның төмен фракциясын (небәрі 27%) және ашық хирургиялық араласудың жоғары қаупін ескере отырып, клиника дәрігерлерінің консилиумы митралдық қақпақшаны эндоваскулярлық клиптеу операциясын жүргізу туралы шешім қабылдады.

TEER әдістемесі ауыр митральды регургитацияның ауыр түрі бар пациенттерде қолданылады, бұл жағдайда митральды қақпақша жапырақшалары дұрыс жабылмай, қанның кері ағысына әкеледі.

65 жастан асқан адамдардың 10%-дан астамы митральды жетіспеушіліктің орташа немесе ауыр түрінен зардап шегеді және көптеген пациенттер үшін операция қаупі жоғары болуынан хирургиялық емдеу мүмкін емес. Мұндай жағдайларда транскатетерлік технологиялар емдеудің жалғыз тиімді нұсқасына айналады. Процедура аз инвазивті тәсілмен орындалады және араласудың жоғары дәлдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 3D-визуализация мен өңеш арқылы жасалатын эхокардиографияның бақылауымен жүргізіледі.

«Мұндай білім беру клиникалық іс-шаралары практикалық дағдыларды жетілдіруге, клиникалық тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды енгізуге және көмек сапасын арттыруға бағытталған. Олар теорияның практикамен байланысын қамтамасыз етіп, дәрігерлерге кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді», - дейді институттың Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

Рентгенэндоваскулярлық оперблоктың меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, мұндай операциялардан кейін пациенттер тез сауығып, бірнеше күннен кейін үйлеріне шығарылады. Оларда өмір сүру сапасы едәуір жақсарады, демігу азаяды, дене жүктемесіне төзімділік артады, медициналық көмекке жүгіну жиілігі төмендейді».

Барлық 4 операция сәтті өтті, науқастар өздерін жақсы сезінуде.