$ 475.09  551.06  5.87

Атырауда шұңқыр көбейді: қала жолы көлікке қауіп төндіріп тұр

Атырау қаласында жол мәселесі тағы да жұрттың ашуын туғызды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде тараған видеода асфальттың ойылып, көлік жүретін жердің шұңқырға айналғаны анық көрінеді. Жүргізушілердің айтуынша, мұндай жағдай Нұрсая, Микрорайон, Болашақ аудандарында жиі кездеседі.

Салдарынан көлік кептелісі көбейіп, қозғалыс баяулап жатыр. Ең қауіптісі - кез келген сәтте жол апаты болуы мүмкін. Тұрғындар бұл мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келе жатқанын айтады. Кадр авторы қала әкімдігін жағдайды бақылауға алуға шақырған.

“Мынау барып тұрған беспредел, қалада жүру мүмкін болмай барады”, – дейді ол.

Желі қолданушылары да пікірде қала жолдарының жағдайын сынға алып жатыр.

Қазірше әкімдік тарапынан ресми жауап берілген жоқ.

Видео: nurlan_zhunasov

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0