Қазіргі уақытта екеуі де ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
Талдықорған қаласында жол апаты болып, жеңіл көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өтіп, мопедпен жүрген екі жасөспірімді қағып кеткен, деп хабарлайды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Соққының қатты болғаны соншалық, жасөспірімдер жол жиегіндегі қоршаудан асып құлаған.
Қазіргі уақытта екеуі де ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
Жетісу облыстық полициясының мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 2 сәуірінде түнгі сағат 00:10 шамасында Жансүгіров пен Балпық би көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала деректерге сәйкес, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі тыйым салынған белгіге қарамастан қозғалып, мопедпен соқтығысқан.
Соның салдарынан мопед жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.