07.04.2026, 15:20

Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

Фото: Getty images / ekipaj

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.

Каспий теңізі акваториясында 7 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 03:35-те магнитудасы 3,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.

Жер сілкінісінің ошағы Каспий теңізінің Баку қаласына қарама-қарсы тұста, 72 шақырым тереңдікте орналасқан.

Айта кетейік, осыған дейін Tiktok-та Ақтауда жер сілкінетіні туралы видео тараған болатын.