Жер сілкінісінің магнитудасы — 5,4, энергетикалық класы K=13, тереңдігі — 64 км.
Каспий теңізінде 5,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді.
Қазақстан Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, 2026 жылғы 8 сәуірде Әзербайжанның жағалау аймағында жер сілкінісі болған.
Жер сілкінісінің магнитудасы — 5,4, энергетикалық класы K=13, тереңдігі — 64 км.
Ресейдің сейсмологиялық қызметінің хабарлауынша, дүмпулер Әзербайжанның кейбір өңірлерінде 3–4 балл деңгейінде сезілген.