$ 494.87  520.65  4.91

Ә.Жақсыбеков құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы міндетін уақытша атқарушы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен бірқатар мемлекеттік органдар мен ҚР Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелері басшылары қатысқан кеңес өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, жиын қылмыстық-іс жүргізушілік, қылмыстық  атқарушылық және әкімшілік өндірістің жаңа үлгісіне көшу іс-әрекетінің бірыңғай мемлекеттік  жоспарын орындау мәселелеріне арналды. 

«Кеңеске қатысушылар еліміздің құқық қорғау және сот жүйелері  қызметінің жаңа жағдайдағы нормативтік-құқықтық, қаржылық және ұйымдастыру-техникалық мәселелерін талқылады. Соның ішінде Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін жасау; қызметкерлерді жаппай қайта оқытуды ұйымдастыру, оларды қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары