$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстанға арнап шығарылған «iPhone 5s-тің» бағасы 809 мың теңге тұрады (ФОТО)

Италиялық Caviar қымбат әшекейлі бұйым жасаушы компаниясы шектеулі тиражбен Қазақстанға арналған алтын жалатынған смартфон жасап шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Компанияның ресми сайтының жазуынша, өнімнің авторы - Илия Джакометти.

Caviar Kazakistan телефонының сыртында еліміздің ұлттық белгілері мен Астананың көрікті орындары: Бейбітшілік және келісім сарайы мен Бәйтерек бедерленген. Сырты қымбат металл және тері жабынмен қапталған CAVIAR iPhone 5S-тің жады 64 Гб құрайды.

Телефон бар-жоғы 5-ақ дана таралыммен шығарылған. Бағасы - 809 тың теңге.

Бір қызығы, телефон қорабына әдеттегідей «Kazakhstan» деп емес, «Kazakistan» деп жазған.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай қымбат телефонды елімізде даңқты боксшы, Қазақстан бокс федерациясының спорттық директоры, екі дүркін әлем және Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев сатып алғандығы жөнінде хабар тараған еді.  

Сондай-ақ, аталған компания осыған дейін Владимир Путин мен Стив Джобс суреттері бейнеленген телефондарды нарыққа шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары