$ 479.82  559.9  6.15

Атырауда өгей қыздарын зорлаған ер адам әкімнің туысы болып шықты

Ресми мәлімет бойынша, 22 наурызда изоляторда болған жаппай төбелес кезінде ол қаза тапқан.

Фото: Gov.kz
Фото: Gov.kz

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің алыс туысы болып келетін 51 жастағы Дабыл Жәрдемұлы тергеу изоляторында көз жұмды. Ол өз өгей қыздарын зорлағаны үшін 25 жылға сотталған болатын. Бұл туралы ақпарат құралдары ресми дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сот Дабыл Жәрдемұлын кәмелетке толмаған екі өгей қызына қатысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныған. Үкім шыққанымен, ол заңды күшіне енгенше тергеу изоляторында қамауда отырған. Ресми мәлімет бойынша, 22 наурызда изоляторда болған жаппай төбелес кезінде ол қаза тапқан.

Ақпараттарға сәйкес, марқұм мен Атырау әкімі Шәкір Кейкин бір өңірдің — Жылыой ауданының тумалары. Олардың тегі мен әкесінің аты әртүрлі болғанымен, алыс ағайынды екені расталды.

Марқұм Құлсары қаласында жерленді. Жаназаға мыңдаған адам, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер де қатысқан. Алайда, куәгерлердің айтуынша, келген қонақтардың көбі марқұмның нақты қандай қылмыс үшін сотталғанынан хабарсыз болған. Отбасы қылмыстың мәнін жасырғандықтан, жұртшылық оны жай ғана қаза тапты деп есептеген.

Бұл оқиға жергілікті билік өкілдері мен құзырлы органдардың назарында. Қазіргі таңда тергеу изоляторындағы өлімге қатысты тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0